È

«Алтыншы бекет» фильмінің авторлары Киану Ривздің қатысуымен жаңа кино дайындауда

«Алтыншы бекет» фильмінің авторлары Киану Ривздің қатысуымен жаңа кино дайындауда

2017 жылдың наурызында жарыққа шыққан «Алтыншы бекет» фильмінің авторлары көлемді әскери-патриоттық жаңа картинаның түсіріліміне дайындалып жатыр. Фильм өндірісіне «АЮ синемамен» бірге жобаға шетелдік жұлдыздар мен мамандарды тартуды көздеген Broken Cage Studio америкалық компаниясы атсалысады.

Әскери драма негізіне тәжік-ауған шекарасындағы шынайы оқиға арқау болды. 1995 жылы Қазақстанның ішкі әскер офицерлері мен сарбаздары моджахедтердің атысына ұшырайды. Алайда, жауынгерлер сондай мықты қарсыласты күтпеген еді. Шайқас 5 сағатқа созылады, нәтижесінде қазақстандық бітімгерлік батальон 17 әскерінен айырылған.

«Біздің мақсатымыз - бұрынғы трагедияны көрсетіп қана қоймай, шекарада қызмет еткен жас жігіттер жайлы баяндау. Фильм кейіпкерлері тек шынайы болып қоймай, көрермендерімізге жақсы таныс болғанын қалаймыз. Сондықтан, қазір деректерді жинап, сол оқиғаның ардагерлерімен кездесіп жатырмыз. Солардың естелігі арқылы бар оқиғаны көрсетуге тырысамыз. Фильм Broken Cage Studio америкалық компаниясымен бірге өндіріледі», - деді «АЮ синема» кинокомпаниясының бас продюсері Данияр Ибрагимов.

Авторлар отандық картинаны тек отанымызда ғана емес, американдық айналымға да шығаруды көздеп отыр. Оның үстіне, Broken Cage Studio компаниясы қазір «Әзәзілдің қорғаушысы», «Константин: Түнек әміршісі» және «Джон Уик» фильмдерінде жарқын рөлді сомдаған голливуд жұлдызы Киану Ривздің және «Небраска» (2013) картинасы үшін Британ кино және телевизия өнері академиясының (BAFTA) жүлдесіне және «Оскар» жүлдесіне үміткер қоюшы-оператор Фидон Папамайклдың қатысуы жайлы келіссөз жүргізіп жатыр. Оның соңғы жұмыстарының қатарында «Ақшақар мен Аңшы 2» фэнтезиі және «Қысқа» комедиясы бар.

Айта кету керек, тәжік-ауған шекарасында қаза болғандардың құрметіне фильм түсіру идеясы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхометқали Сатовқа тиесілі. Картина түсірілімі Қазақстан аумағында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовтың қолдауымен өтеді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

29 мамыр 2018, 23:29

Когда кастинг?)

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер