È

«Арман картасы» жастар драмасының авторлары актрисаларды іздеп жатыр

«Арман картасы» жастар драмасының авторлары актрисаларды іздеп жатыр

Режиссер Мирас Төлеуханов және продюсер Амангелді Әубәкіров қыркүйек айында «Арман картасы» толықметражды фильмінің түсіріліміне кіріспек.

Картина жас жігіттің өзгеруі мен қиындықтарды еңсеруі туралы баяндайды. Кейіпкер алаңсыз өмір сүріп жүреді, бірақ қиындықтарға тап болған соң, нағыз достарының жоқтығын түсінеді.

Авторлар жаңа форматтағы қазақстандық фильмге қатысатын 18-29 жас аралығындағы өз-өзіне сенімді, белсенді, батыл әрі сымбатты қыздарды іздейді. Кастинг Алматыда дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін Минин көшесі 24 (Бұқар-Жырау көшесінен кіреді) мекен-жайы бойынша өтеді.

Жастар драмасымен қоюшы-оператор Пелагея Евдокимова, қоюшы-суретші Әлижан Байтелиев және екінші режиссер Күнжана Орманбетова айналысады. Жобаның желілік продюсері - Динара Шүрен.

Еске салсақ, алдыңғы жолы «Арман картасы» фильмін қолдау мақсатында «Демеуші іздеймін» реалити-шоуы шыққан болатын, ал Астана мен Алматыда басты және қосалқы рөлдерге квест-кастинг өткізілді.

Кастингке қатысты қосымша ақпаратты 8 (705) 340-09-17 нөмірі арқылы білуге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса