È

«Евразия» ХКФ байқау бағдарламасы белгілі болды

«Евразия» ХКФ байқау бағдарламасы белгілі болды

24-30 қыркүйек аралығында оңтүстік астанада «Евразия» XII Халықаралық фестивалі өтеді. Осы жылы фестиваль қала көшелеріне шығады және барлық алматылықтар мен қонақтар үшін мерекенің есігі ашық. Фильмдердің көрсетілім 15 ашық алаңда болады.

Байқаудың негізгі бағдарламасында үздік фильм атағы үшін 13 жұмыс жарысқа түседі. Олардың ішінде қазақстандық үш картина бар: режиссер Игорь Пискуновтың «Раз в неделю», режиссер Әділхан Ержановтың «Чума в ауле Каратас» және Жанна Исабаеваның «Бөпем» фильмдері.

Қалған қатысушылар: филиппин режиссеры Луи Игнасионың «На районе», Адриан Ситарудың «Незаконные», үнді режиссеры Дамодаран Биджу Кумардың «Когда леса зацветут», режиссер Мириам Хердтің «Заброшенные земли», режиссер Ольга Веремееваның «Прикосновение ветра» , режиссер Фридерик Мермудің «Мока», Русудан Глурджидзенің «Чужой дом», Александр Марченконың «Отражение гор. Алтай, израиль режиссері Элит Зехердің «Песчаная буря», режиссер Аху Озтурктің «Пыльная одежда» және Салимли Мирбаланың «Красный Сад» фильмдері.

Байқауды ашатын фильм оңтүстік кореялық режиссер Ен Сан-хо «Поезд в Пусан» триллері.

Фестиваль барысында жалпы 110-дай фильм көрсетіледі. Толықметражды кино байқауымен қоса қысқаметражды ленталар байқауы да өтеді.

«Евразия» ХКФ қазылар алқасының төрағасы Валерий Тодоровский. Қазылар алқасының құрамына қытай режиссеры Ни Инг, режиссер әрі сценарист Ақтан Арым Құбат, актер Досқан Жолжақсынов, Гримур Хаконарсон мүшелік етеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер