È

«Патруль» хикаясының 4 маусымы басталды

«Патруль» хикаясының 4 маусымы басталды

12 қарашадан бастап «НТК» телеарнасы Bas production-ның «Патруль» комедиялық хикаясының 4 маусымын көрсете бастады.

Сондай-ақ, жобаға продюсер Ақылбек Досжанов және қоюшы-оператор Азамат Батырханов атсалысты.

ГАИ қызметкерлері Берік пен Серіктің хикаясы жалғасын тапты. Көрермендер 4 маусымнан сүйікті кейіпкерлерінен бөлек, жаңа кейіпкерлерді көретін болады және көптеген қызықты жағдайлардың куәгері атанады.

Рөлдерде: Рүстем Омаров, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Әділжан Шомбалов, Еділ Анарбаев, Медет Аманбаев. Актриса Әсел Сәдуақасова полицей образын сомдайды.

Хикая түсірілімі қазанда басында басталып, Алматыда айдың соңына дейін жалғасты.

Еске салсақ, алдыңғы маусымның режиссері Төребек Бейсебаев болған еді.

«Патруль 4» хикаясын «НТК» телеарнасынан жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 19:50-де тамашалаңыздар.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Solidad

14 қараша 2018, 17:52

ураа

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер