È

«Ұшқын» студенттік фильмдер фестивалі басталды

 «Ұшқын» студенттік фильмдер фестивалі басталды

 

Астанада «Ұшқын» студенттік фильмдерінің алғашқы фестивалі басталды. Байқау Қазақ ұлттық өнер университетімен ұйымдастырылған. Кинофестиваль 24 ақпанға дейін созылады.

Байқау бағдарламасына ҚазҰӨУ студенттері түсірген 50 қысқаметражды фильм қатысады. Қатысушылар 10 аталым бойынша ұсынылған. Жеңімпаздарды «Театр, кино және ТД» факультетінің оқытушылары анықтайды. Қазылар алқасының төрайымы - Қазақстанның Халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева.

Байқаудан тыс Әзірбайжан, Англия, Қазақстан, Қырғызстан, Канада, Ресей, АҚШ және Чехиядағы кино мектептерінің студенттері түсірген 20 картина көрсетіледі. Көрсетілім Болат Сүлеев атындағы кинопавильонда өтеді.

«Ұшқын» кино байқауын Мейіржан Сандыбайдың XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпазы атанған «Ит» анимациялық фильмі ашты.

Фестивальді Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Ұрланған сахналар» таспасының көрсетілімімен жабылады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

22 февраля 2018, 14:57

Класс!

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер