È

«Окно в интернет» байқауы басталды

 «Окно в интернет» байқауы басталды

Таяуда Ресейдің «Окно в интернет» деп аталатын қысқаметражды фильмдер байқауы басталды. Қатысушылардың арасында отандық режиссер Ольга Нагаеваның «Ежиха» атты жұмысы.

«Ежиха» қысқа метрі жалғыз басты мұғалім туралы, ол сырт көзге өте қатал, тырысқақ болып көрінеді. Бірақ шындығында діл осындай адамдардың бойында белгілі бір жағдайда ғана көрінетін мейірімділік пен жанашырлық басым болады. Нагаеваның картинасы актерлық ойын киносы бөлімінде көрсетіледі. Лентаның ұзақтығы: 8 минут.

«Окно в интернет» - ресейлік «Окно в Европу» фестивалінің ұйымдастыру комитеті өткізетін интернет-байқау. Байқау ережесі бойынша,қатысушы фильмдер фестиваль сайтында жарияланады, осыдан кейін көрермендер дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған екі картина Выборгта өтетін XXIV ресейлік кинофестивальға жолдама алады.Дауыс беру ашық түрде жүргізіледі және 31 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды 1 тамызда жариялайды.

Естеріңізге сала кетейік, Ольга Нагаеваның «Джульетта на пенсии» картинасы Бристолдағы Encounters фестивалінде көзге түсіп, Нью-Йорктегі фестивальда Көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді, Хорватиядағы FIFES кинофорумының марапатына ие болды.

Әйгерім Қасқыр

Ещё по теме:

Казахстанская «Джульетта на пенсии» покорила Самару​

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Рүстембеков

Режиссер

Әнуар Нұрпейісов

Актер