«48 сағатта түсіру» байқауы басталды
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілік тапсырмасы үшінші рет барлық үміткерлерге 48 Hour Film Race («48 сағатта түсіру») байқауына қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Биылғы жылы байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркменстан елдерінен 1500-ден астам топ қатысуда. Ұйымдастырушылар осы жоба арқылы көпшіліктің шығармашылық әлеуетін кеңінен ашуға және армандарының орындалуына мүмкіндік беруге тырысады.
Қатысушыларға арналған ереже бұрынғыдай: үміткерлерге белгілі бір уақытта картина сюжетінде пайдаланылуы тиіс реквизит дүниесі және сөз хабарланады. Биылғы жылы байқау 21 сәуір күні сағат 10:00-де басталды. Қатысушылар тапсырмаларын алды, яғни «Do you speak english?» сөзі пайдаланылуы керек, ұйымдастырушылар реквизит ретінде инені, жіп пен алманы таңдады. Одан бөлек, фильмде қалпақ киген адам міндетті түрде болуы тиіс.
Қатысушыларға сценарий жазуға, түсірілімге және 4 минуттан аспайтын фильм монтажына 48 сағат беріледі, уақыт аяқталған соң дайын жұмыстар ұйымдастырушыларға жіберілуі қажет.
Байқау жұмыстары Қазақстанның бірнеше қалаларында биылғы жылдың мамырында көрсетіледі, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Еске сала кетсек, былтырғы жылы өткен байқауда «Сұйық тас», «№ 96 іс» және «Шуыл» фильмдері жеңіске жеткен болатын.
Зарина Исламова
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
23 апреля 2018, 01:43Печально, не успел на камеру снять ничего. Остался без конкурса. Ну думаю в следующий раз все сделаю
Maxim Bogomolov
24 апреля 2018, 19:39Всем удачи!