È

«ЖЖЖ Корпоратив» сериалы көрсетіле бастады

«ЖЖЖ Корпоратив» сериалы көрсетіле бастады

«Хабар» телеарнасында жаңа «ЖЖЖ Корпоратив» сериалы көрсетіле бастады. Жаңа жылдық көпсериялы мюзиклдә 567 cinema студиясы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірді. Қоюшы-режиссеры Санжар Омаров («Метод ОрыStar»).

Жаңа жыл қарсаңында «Қарыз Банк» банкінің қызметкерлері жеке өмірлерінде де, жұмыстарында да қиындықтарға тап болады. Бірі көптен күткен корпоратив кешіне бару үшін әйелінен сұранады, кейбірі ешкіммен шын ниетпен байланысқысы келмейді, тағы біреулері қарызынан құтылуға тырысады. Тек қана сынақ мерзімінде жұмыс істеп жүрген ақ сақалды қыз ғана барлығын сыртынан бақылап жүреді. Жаңа қызметкердің қайдан келгенін ешкім білмейді. бірақ оның ұжымда пайда болуының өзі бәріне әсер етеді.

Қызықты оқиғаны кейіпкерлерін ойнаған актерлер Әбунасыр Серіков, Олжас Ибраев, Бота Ибрахимова, Дархан Дайырбек, Нышанбек Жұбанаев, Айдос Бектемір, Әуез Әуезов, Жанел Серғазина және басқалар. Телеэкранда көрермендер отандыө эстрада жұлдыздарын да көреді.

«ЖЖЖ Корпоратив» сериалының көрсетілімі жұмыс күндері 20:15-те «Хабар» телеарнасының эфирінде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер