È

«Сүйе білсең» хикаясы екінші маусымының көрсетілімі басталды

«Сүйе білсең» хикаясы екінші маусымының көрсетілімі басталды

Qazaqstan телеарнасының эфиріне «Сүйе білсең» хикаясының екінші маусымы шықты. 567 cinema студиясы түсірген спорттық жастар драмасы өз армандарына адал балалар туралы баяндайды.

Екінші маусымда Дамирдің тобы мини-футболдан «Қайрат» ФК өтеді. Жігіттер нағыз ойыншыға айналу үшін өздерін қамшылап, топтық рухпен жақсылап жұмыс істеулері тиіс. Бірақ, жеке мәселелер мен отбасылық кикілжің алдағы жарысқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Жігіттер бір-бірін қиын жағдайда қалдыра ма, жоқ әлде жеңіске ұмтылу сезімі барлығын жеңе ме, ол жағын көрермендер алдағы уақытта білетін болады.

Хикаяға Ербол Семқұлов, Әли Оқапов, Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Мансұр Серіков, Әсел Қалиева, Нұржан Әбубәкір, Роза Мұқатаева және Асқар Жұмабеков түсті.

«Сүйе білсең» хикаясының алғашқы маусымын көрермендер 2017 жылдың мамыр айында тамашалаған болатын. Сол жылдың қыркүйегінде авторлар оқиғаны жалғастыруды ұйғарып, екінші шығарылымының түсіріліміне кірісіп кетті. Жалғасымен режиссер Ернар Нұрғалиев және қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев айналысты.

Көпбөлімді драма жұмыс күндері сағат 21:45-те көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер