È

Қазақстандағы аштық жайлы фильмнің түсірілімі басталды

Қазақстандағы аштық жайлы фильмнің түсірілімі басталды

MG production кинокомпаниясы 1920-30 ж.ж. Қазақстандағы аштық туралы баяндайтын тарихи фильмнің түсіріліміне кірісті. Картина түсірілімі Алматы облысында орналасқан Баласаз мекенінің тауында өтіп жатыр. Картина «Бүркіт» уақытша атауымен түсірілуде.

Кинотаспа негізіне қазақ халқының басынан өткен ауыр сынақтар арқау болған. Өткен жүзжылдықтың 20-30 ж.ж. тәркілеу мен ұжымдастыру кезінде қазақ ұлты аштыққа ұшыраған. Тарихи деректерге сәйкес, осы кезде қазақтардың саны 70%-ға: 6 миллионға жуық адамға қысқарған.

Фильмнің қоюшы-режиссері - Марина Қонарова, бас продюсері - Ернар Мәліков. Режиссер Берікболат Сабыржановпен және еуропалық автор Кристиан Рувзбен бірге сценарийін жазған.

Авторлардың айтуынша, «Бүркіт» Қазақстандағы аштықты баяндайтын алғашқы көркем фильм болмақ.

Актерлік құрам мен түсірілім барысын «Бродвей» жақын арада хабарлайтын болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:01

Вот это лента для меня, как не знаю другие, аж слезы наворачиваются. При услышанном "Годы великого бедствия" Ақтабан Шұбырынды, Алқа көл сыламасы"

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер