«Тарази. Прощание с пустыней» фильмінің түсірілімі басталды
Маңғыстау облысында «Тарази. Прощание с пустыней» халықаралық жобасының түсірілімі жұмыстары басталды. Биографиялық лентаның өндірісімен отандық компания Sky Production Одесса киностудиясымен және украиндық «Инсайт Медиа» роодюсерлік орталығымен бірлесіп айнаысуда. Режиссер әрі сценарий авторы - Александр Денисенко.
Фильм атақты украин ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченко жайлы. Лентадағы негізгі оқиға XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды, осы кезде ақынды Оренбург өңіріне жер аударған болатын. Қазақ жерінде ол өзіне жаңа достар табады және Қызтумас атты қызды кезіктіреді. Осы қыздың образы Тарастың «Казашка Катя» деп аталатын картинасында бейнеленген.

Актриса Ажар Ибраева
Экаранда Тарас Шевченконың рөлін украин актеры Борис Орлов ойнайды. Ал Қызтумасты орындайтын қазақстандық жас актриса Ажар Ибраева, ол «Тұран» университетінің 1 курс студенті. Ол осыған дейін «Препод» фильмінде негізгі рөлдердің бірін және «Аманат» фильмінің эпизодына түскен. Ажаржан басқа көрермендер Қыдыр атаның рөлінде халық әртісі Нұржұмаа Ықтымбаевты және Иса Тленбаев рөлінде актер Нұрлан Садыбековті көре алады.
Қазақстандағы түсірілім барысы екі аптаға созылады. Осыдан кейін түсіру тобы Украинаға, Ресейдің Одесса облысына аттанады.
«Тарази. Прощание с пустыней» фильмінің жалпы бюджеті екі миллионнан сәл аздау. Картина 2017 жылдың күзінде экранға шығады деп жоспарланып отыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін