È

«Унесенные рейсом» сериалының түсірілімі басталды

 «Унесенные рейсом» сериалының түсірілімі басталды

«Аю синема» кинокомпаниясы «Хабар» телеарнасының тапсырысымен «Унесенные рейсом» сериалының түсіріліміне кірісті. Жоба өмірлері теміржолмен байланысты адамдар жайлы баяндайды.

теміржолшылардың қиын да қызыққа толы өмірі жайлы сериалды түсіруді қолға алған топқа режиссер Серікбол Өтепбергенов жетекшілік етеді. Қоюшы-операторы Асқар Серікқазин, композитор - Асқар Қашқымбаев. Жобаның бас продюсері - Данияр Ибрагимов, атқарушы продюсері - Олжас Тартаев.

Көпсериалы фильмнің кейіпкерлері - отандық жолсеріктер, олардың күнделікті жұмыс күндері түрлі оқиғаларға толы, кейдң тіпті өмірлеріне қауіп төнетін кездер де болады. Олардың таиғаты романтик, рейске аттанып бара жатып олар тек өз міндеттерін атқарып қана қоймай, батылдықтары мен кәсіби шеберліктерін шыңдай түседі.

Рөлдерде: Динара Бақтыбаева, Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов, Гүлнәр Байбосынова, Ниязбек Шайсұлтанов және Ольга Сокол. Ээпизодтарда көрермен Жеңіс Омаровты және Рәтбек Байеновты, сондай-ақ эстарда жұлдыздары Айқын Төлепбергенов пен Айжан Нұрмағамбетовты көре алады

Көркем сериал 16 эпизодтан тұрады. Әр серианың хронометражы 25 минут.

«Унесенные рейсом»сериалының түсірілімі Алматыда осы жылдың қазан айына дейін жалғасады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Венера Нығматулина

Актриса

Санжар Мәди

Актер