È

Baikonyr Short Film Festival-ға өтініштерді қабылдау басталады

Baikonyr Short Film Festival-ға өтініштерді қабылдау басталады

20-23 қыркүйек аралығында Алматыда Baikonyr Short Film Festival қысқаметражды кинофестивалі өтеді. Қатысуға бағытталған өтініштер 1 маусымнан басталып, 31 тамызға дейін жалғаспақ. Өз картиналарын ауқымды аудиторияға көрсеткісі келетіндер фестивальдің Baikonur.brod.kz ресми сайтындағы өтінішті толтырулары қажет. Мәдени шараның демеушісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, бас серіктесі – Kinopark кинотеатрлар желісі.

Baikonyr Short Film Festival-ге 2017-2018 жылдары кез-келген жанрда түсірілген деректі, ойнамалы және анимациялық қысқаметражды фильмдер қатыса алады. Картиналардың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. 2016 және 2017 жылдары Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестиваліне қатысқан жұмыстар қабылданбайды.

Фильмдерді өнер мен мәдениет қайраткерлері, киносыншылар, режиссерлар, актерлар, продюсерлар және басқа да Қазақстанның киноөндіріс өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады. Биылғы жылы жеңімпаздар 13 аталым бойынша анықталады: «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік сценарий», «Үздік тәжірибелік фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Бродвей» таңдауы», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» және жаңасы - «Үздік дыбыс».

Байқауға жаңа өзгерістер енгізілді. Алдағы кинофестиваль екі қалада бірдей – Алматы мен Астанада өтеді, ал жеңімпаздар Шымкент, Атырау және Орал көрермендеріне көрсетіледі. Фестиваль аясында қырғыз, өзбек және ресей қысқаметражды кино бөлімі ашылады.

Салтанатты ашылуы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында болады.

Baikonyr Short Film Festival ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сергей Попов (IV)

Актер

Ержан Рүстембеков

Режиссер