È

Стерлинг К. Браун танымал «Оскар» номинациясына қатысты ашық пікір білдірді

Стерлинг К. Браун танымал «Оскар» номинациясына қатысты ашық пікір білдірді

Стерлинг К. Браун («Артемида» қонақ үйі», «Қара Ілбісін») Paramount студиясының «Бұл біз» хикаясы жаңа маусымының тұсаукесерінде танымал «Оскар» номинациясына қатысты ашық пікірін білдірді. «Мен біресе алға, біресе артқа жылжимын», - деді актер «Қара Ілбісіндегі» жұмысын меңзеп, картина 2018 жыл қорытындысы бойынша «Үздік танымал фильм» номинациясына үміткер болуға лайықты.

«Мен ең алғаш «Оскардың» жаңа аталымы «Үздік танымал фильм» жайлы естігенімде, ойыма келген бірінші сұрақ мынадай болды: «Фильм осы аталымға іліну үшін қандай талаптарға сай болуы қажет?». – Егер бұл заңды еңбек үшін берілетін жүлде болса, онда керемет деп ойлаймын. Дегенмен, «Қара ілбісіннің» танымалдылығына қарамастан, өзіндік көркемдік артықшылықтары бар деп ойлаймын, себебі бұл таспа тамаша өнер туындысы болып табылады», - деп жалғады сөзін Браун.

«Райан Куглер - нағыз суретші. Бұл адам қазіргі таңда үш түрлі фильм түсірді. Олардың нашарын көріп тұрғаным жоқ, Куглердің барлық жұмысы мақтауға лайық», - деп аяқтады Браун.Оның пікірі соңғы күндері «Оскардың» жаңа аталымына қатысты айтылған пікілерді қайталағандай болды.

Киноакадемия жаңашылдық арқылы айтарлықтай көркемдік артықшылықтары жоқ коммерциялық табысты фильмдерге мүмкіндік беруде. Жаңа категория көпшілік ойлағандай, керемет бір дүниені таныстырмайды, кино әлеміндегі ең танымал жүлделердің дамуына бағытталған құрылымдық қозғалыстан гөрі, батыл ишарат болып табылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер