È

«Стрингер»: Open Road студиясының банкротқа ұшырауы авторлық құқық процессіне әсер етпеуі тиіс

«Стрингер»: Open Road студиясының банкротқа ұшырауы авторлық құқық процессіне әсер етпеуі тиіс

11 қыркүйекте ресми түрде хабарланған Open Road студиясының банкротқа ұшырауы режиссер әрі сценарист Дэн Гилройдың («Роман Израэл, Esq.», «Конг: Қаңқалар аралы») «Стрингер» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан авторлық құқық процессіне әсер етпеуі тиіс. Картинадағы басты рөлді Джейк Джилленхол («Ағайынды Систерс», «Жабайы өмір») сомдады. Актер әрі режиссер Ричард Дачер («Бардағы жігіттер», «Зұлымдық періштесі») Open Road-қа қарсы сот ісін қайта қозғағысы келеді, оның ойынша «Стрингер» өзінің бірнеше тәуелсіз фестивальде таныстырылған 2008 жылғы «Құлау» инди-драмасын көшіріп алған.

2015 жылы Дачер Bold Films, Open Road, NBC Universal-ға шағым түсіріп, «Стрингер» фильмінің авторлық құқықты бұзғанын айтты, себебі оның «Құлау» жобасы да дәл осындай сюжетке құрылған. Дачердің таспасы Лос-Анджелес көшелерімен жүріп, полицейлік сканерлерін тыңдап жүрген адам жайлы баяндайды. Соның арқасында, ол әрдайым камераға жазба жазып, барлығын жаңалықтар агенттігіне сатып отырған. Бір кезде ол болып жатқан қылмысты жазып алады. Ричард Дачер экранды хикаяны өңдеп, өз фильмін көпшілікке ұсынғысы келген, бірақ Джейк Джилленхолдың қатысуындағы картина оны толықтай осы мүмкіндіктен айырған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер