È

ҚазҰӨУ студенттері «Я люблю тебя, Акерке» фильмін түсірді

ҚазҰӨУ студенттері  «Я люблю тебя, Акерке» фильмін түсірді

2 ақпанда отандық прокатқа «Я люблю тебя, Акерке» көркем фильмі шығады, картинаны түсірген Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері түсірген. Авторлардың және картина режиссеры Назия Назарбек пен Мейірім Арғынбаевтың айтуынша, картина өздері оқып жүрген кездегі болған оқиғаға негізделген.

«Я люблю тебя, Акерке» фильмі олардың курстастары Ақеркеге арналады. Төртінші курс оқып жүрген кездерінде олар Ақерке деген қыздың қтерлі дертпен ауыратынын біледі. Ол ақ қан дертіне шалдыққан. Қыздың еміне ақша жинап беру үшін достары мен жақындары астанада қайырымдылық концертін ұйымдастырады, қолөнер бұйымдарын, кітаптар, басқа да ұсақ-түйектерді сатады. Екі аптаның ішінде қолдау көрсетуші топ 24 мың доллар қаржы жинайды. Сөйтіп Ақеркеге ота жасату үшін Түркияға шығарып салып тұрып, ол туралы фильм түсіруге сөз береді. Ақерке қайтыс болады, бірақ достары сөздерінде тұрып, кішкентай ғана үміттің миллиондаған адамдарды біріктіргені туралы әсерлі оқиғаны фильм етіп түсіреді

Түсірілімге ҚазҰӨИ актерлері қатысты. Басты кейіпкерді ойнаған Айсаным Кастеева, оның жігіті Азаматты - Нұрлан Наурызбаев ойнады.

Түсірілім тобының айтуынша, картина екі жыл бойы Астанада түсірілген. Түсірілім барысның ұзаққа созылуы қаржылық әне техникалық қиындықтарға байланысты. Бірақ өздерінің уәдесін орындау үшін қайырымды адамдардың қолдауымен түсірілім тобы бастаған жұмыстарын аяғына дейін жеткізе білді. керке» представят в Актобе, в родном городе девушки, а 2-го фильм появится во всех кинотеатрах страны.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса