È

Paramount студиясы Дж. Дж. Абрамстың «Жұлдыздар соғысына» қайта кеткеніне наразы

Paramount студиясы Дж. Дж. Абрамстың «Жұлдыздар соғысына» қайта кеткеніне наразы

Paramount Pictures студиясының басшысы Джим Джианопулос режиссер Джей Джей Абрамстың Lucasfilm-нің «Жұлдыздар соғысы» тоғызыншы эпизодының режиссері болуға деген ұсынысын қабыл алып, ортақ келісімді бұзғанына наразылық танытты.

Негізі, Абрамс 2006 жылы Paramount-пен мынадай келісімге отырған еді: ол «хиттерді» дүниеге әкеледі, сол үшін студия оған көлемді қаржы төлейді (жылына 10 миллион доллар).

Алайда, Абрамс пен Paramount-тың соңғы 10 жылдағы нәтижесі: «Жұлдызды жол», «Супер 8» және «Стартрек: Жаза» картиналары болған. Барлық фильмдер табысты болғандықтан, Paramount режиссермен болған келісімді ұзартқан. Бірақ, осы кезде режиссер қайтадан 2 жылға бәсекелес компанияға кетіп барады.

Бұл бірінші рет емес. 2013 жылдың қаңтар айында Абрамс «Жұлдыздар соғысының» жетінші эпизодын жасаған. Бұл Paramount-тың бұрынғы басшысы Брэд Грейдің ашуын келтірген. Ол режиссердің қомақты қаржы алып жүргеніне қарамастан, неліктен бәсекелестерге жұмыс істейтінін түсінбей дал болды. Дегенмен, Абрамстың артында Disney және Lucasfilm, сонымен қатар Lucasfilm басшысы Кэтлин Кеннедимен достасып жүрген Стивен Спилберг бар.

Ақыры, Джим Джианопулос Disney студиясынан тоғызыншы эпизодпен айналысатын Абрамстың 2 жылғы шығынын өтеуді талап етіп отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер