«Суперотбасы 2»: анимациялық фильмдердің арасындағы жаңа рекорд

Disney/Pixar-дың «Суперотбасы 2» анимациялық фильмі толықметражды мультфильмдердің арасында жаңа рекорд орнатты. Халықаралық айналымның жеті аптасында бұл таспа 1 миллиард доллардан астам қаржы жинады. Режиссер Брэд Бёрдтің 2004 жылғы хитінің жалғасы осы белгіні асып өткен тарихтағы 36-шы фильм атанды. «Суық жүрек», «Миньондар», «Ойыншықтар хикаясы 3», «Дориді іздеу кезінде3», «Мен сұмдықпын 3» және «Зверополис» жобаларымен қатар, «Суперотбасы 2» айналымда үлкен сома жинаған 7-ші мультфильм болды. Бірақ, жаңа рекордсмен әзірге анимациялар арасында «Суық жүректің» 1,27 миллиард долларына жете қоймады.
Бір қызығы, алдыңғы мультфильмдердің барлығы - «миллиардқа ие болғандар» халықаралық айналымға барлық елге бір уақытта шықпаған және алғашқы тұсаукесерден соң екі айдан асатын уақытта миллиардтарына ие болған. «Суперотбасы 2» айналымға шыққан соң, 47 күннен кейін-ақ белгілі бір соманы жинады, бұл әрине ең алдымен американдық көрермендердің теңдессіз ынталарының арқасында. Сонымен қатар, бұл фильм Жапония, Италия, Германия және скандинавиялық мемлекеттерді қосқанда, 14 елде үлкен экранға шығуы тиіс. Табысты анимацияның аталмыш кезеңдегі көрсетілім болжамы 600 млн доллар шамасында болып отыр.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін