È

«Суспирия»: Дакота Джонсон мен Тильда Суинтон Дарио Арджентоның әйгілі хоррор ремейкінде

«Суспирия»: Дакота Джонсон мен Тильда Суинтон Дарио Арджентоның әйгілі хоррор ремейкінде

Amazon Studios «Суспирия» фильмінің бірінші тизер-трейлерін ұсынды, бұл таспа Дарио Арджентоның («Қызыл қанды», «Хрусталь қанатты құс») әйгілі хоррорының ремейкі болып табылады. Бұл жолы Ардженто жоба сценаристінің бірі болып қалды, ал түсірілімге режиссер Лука Гуаданьино («Мені өз атыммен аташы», «Үлкен шолпыл») жетекшілік етеді. Өте әсерлі тизер Дакота Джонсон («Бостандықтың елу реңкі», «Белсенді түрде іздеу») және Тильда Суинтон («Дәрігер Стрэндж», «Окча») арасындағы бәсекелестікке негізделген кадрлардан құралған.

«Суспирия» Гуаданьиноның биылғы жылы төрт рет «Оскар» аталымына ие болған «Мені өз атыммен аташы» картинасынан кейінгі бірінші фильм болмақ. Сондай-ақ, ремейктің актерлік құрамында, басты рөлдерде – жас жұлдыздар Хлоя Грейс Морец («Әйгілі теңестіруші», «Егер мен қалсам») және Миа Гот («Денсаулық үшін дәрі», «Эверест») бар. 1977 жылғы түпнұсқа фильмнің жұлдызы Джессика Харпер жаңа нұсқада да екінші қатардағы маңызды рөлге ие болды.

Арджентоның жарқын бояулы фильміне қарағанда, Гуаданьино жұмысы күңгірт реңктерде жасалған, осылайша сағынышқа толы қысқы мезгілді бейнелейді. Жаңа «Суспириядағы» оқиға қыста болған, бишінің бірі із-түзсіз жоғалып кетеді, ролик соңы үстелде жатқан өлім қаруына бағыттайды.

Суспирия» хорроры 2018 жылдың 2 қарашасынан бастап, ауқымды айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер