È

«Свидетель дела № 6» Бішкекте көрсетіледі

«Свидетель дела № 6» Бішкекте көрсетіледі

«Свидетель дела № 6» отандық картинасы ТМД елдерінің IV «Үмүт» |Жастар киносының форумын қортындылайды. Серік Әбішевтің режиссерлық жұмысы заңсыздық пен парақорлық жайлы. Сценарий авторы Әділхан Ержанов. Картина «Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірілді.

Сюжет бойынша мас жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылады. Рөлде болған жігіт қалталы адамның баласы. Куәгерлер ауыз ашпау үшін оларға ақша беріп, ол жазадан қашып құтылмақ. Бірақ оның жоспарын бір куәгер бұзады, студент ақша алудан үзілді-кесілді бас тартады. Оқиға Алматыда болған оқиғаға негізделген.

«Свидетель дела №6» фильмінен кадр

Байқау бағдарламасынаи қазақстандық алты фильм қатысады. Сондай-ақ Әзірбайжан, Арения, Белорусия, Ресейден және басқа да елдерден фильмдер бақ сынайды.

Биылғы жылы Форум ТМД, Грузия, Балтия елдерінің белгілі режиссерлерінің, продюсерлерінің қатысуымен өтеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер