È

SXSW 2018: Клэйтон Джейкобсонның «Ағайынды Нест» қара комедиясы аустралиялық гангстерлерді көрсетеді

SXSW 2018: Клэйтон Джейкобсонның «Ағайынды Нест» қара комедиясы аустралиялық гангстерлерді көрсетеді

«Оңтүстік арқылы оңтүстік-батысқа» (SXSW) фестивалінде аустралиялық режиссер Клэйтон Джейкобсон («Детектив ханым Фрайни Фишер» хикаясы) «Ағайынды Нест» қара комедиясын ұсынды. Ол көрермендерге аустралиялық Бен Уитло немесе ағайынды Коэндар бағытындағы жергілікті мәліметтер арқылы қанды фарсты көрсетуге дайын. Джейкобсонның өзі басты рөлдердің бірі Джеффті сомдады, ал екінші басты рөлге оның ағасы Шэйн түсті. Таспаның оқиғасы, негізінен ағайындылар кездейсоқ тап болатын жалғыз тұрған үйде ғана түсіріледі және алғашқыда олар кісі өлімі туралы мүлдем ойламайды.

Күтпеген жерден отбасылық жанжал болғандықтан, ағайындылар отбасыларының қалған мүшелерін шатастыру үшін күлкілі дайындықтарын бастап кетеді. Ағайынды Нест мұраны иемденгісі келеді. Бірақ, күтпеген жерден барлығы жоспарлағандай болмайды. Ағайындылар тазалықшының киімін киіп алады. Олар өздерінің туып-өскен үйіне тап болады. Несттар бір-біріне ұқсайды, бірақ олар әртүрлі адамдар. Тақуа Джефф – барлығын планшеттің көмегімен жоспарлайтын, ережелерге бағынатын адам, ал інісі Терри - болған оқиғаларға аса мән бермейтін, қазіргі күнмен өмір сүретін жан.

Ағайындылардың өгей әкесі мен олардың аналарымен ажырасқаннан кейін өзіне қол жұмсаған туған әкелерінің арасында түпсіз терең жұмбақ оқиға бар. Әйелі обырдан қайтыс болғаннан кейін, ферманың мұрасына олардың өгей әкесі иелік етуі тиіс. Джефф өгей әкесі Роджердің өзін-өзі өлтіру оқиғасы туралы қулық жоспар құрады. Ағайындылар өздерінің туған үйіндегі іздерін вакумдық тазалағышпен жойып, қылмысқа дайындалады. Ағайынды Несттердің арасында мұрагерлікті бөлісуге қатысты мәселе туындап, бауырлық сүйіспеншіліктері жоғалады. Нәтижесінде, «Ағайынды Нест» негізгі жоспарда кейіпкерлерінің кемшілігі мен ақымақтығын көрсететін комедиялық қателікке айналады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер