È

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілім тобы кастинг жариялады

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілім тобы кастинг жариялады. Қазақстан киносы

«Инстаграмшыл қыз» - бұл толықметражды жаңа жоба, «Q-елi» скетчкомының спин-оффы. Фильм түсірілімі жақын арада басталып, Алматыда өтеді. Осыған орай, түсірілім тобы көпшіліктің көмегімен түсірілетін көріністерге актерлар іздейді. Негізгі талап – тартымды әрі жарқын келбет.

Кинотаспаның түсіріліміне Instagram әлеуметтік желісінің қазақстандық және шетелдік танымал қолданушылары қатысады. Басты рөлдерді Анар Батырхан, Қуат Садықов сомдайды. Картина Дархан Тастанов пен Қуат Садықов жазған сценарий бойынша түсірілмек. Жобаның режиссері - Арыстан Каунев.

«Q-елi» комедиялық хикаясының өзіндік кейіпкері туралы толық метр түсіру идеясы авторларға скетчкомның сәттілігінен кейін келген. Еске салсақ, хикаяның бірінші маусымы 2015 жылы шыққан еді.

Өздеріңіз туралы мәліметпен қоса суреттеріңізді instagramshisca@gmail.com поштасына жолдауларыңыз керек. Кастингке қатысты сұрақтарыңыз болса, 8 (707) 555-43-40 және 8 (705) 211-00-45 телефондарына хабарласа аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер