Таксист Русик «Три лимона»фильмінде ойнайды
Белгілі кейіпкер таксист Русик, актер КТК қатысушысы Руслан Висингериев Нұрлан Мамакеевтің«Три лимона» фильміне түседі. Руслан үшін авантюралық комедия толық метрдегі дебюті.
«Мен мұндай ірі жобаға алғаш рет қатысуым. маған өте ұнады. Егер болашақта да ұсыныстар болса, қабылдаймын. Толық метрде мен ашыла түскендеймін», - дейді актер.
Фильмде әзілқой жігіт баршаға таныс кейіпкер таксист Русикті ойнайды, оның мінезі өызық, қу, батымды, сөйте тұра мейірімді. картинада басқа да қомсымша қасиеттері пайда болды.

«Три лимона» фильмінің түсірілімі
«Қызық, фильмде кейіпкердің әйелі пайда болды. Веб-сериалда кейіпкердің жеке өмірі ашылмаған болса, мұнда оның жұбайы бар. Кейіпкер енді басқа қырынан ашылады. Отбасында русик басшы, бірақ әйелін тыңдайды», - дейді Руслан.
Актер айтып өткендей оның «Три лимона» фильміне қатысуы «Таксист Русик» сериалының сценарийіне әсер етпейді. Мүмкін жаңа кейіпкерлер пайда болып, аздаған өзгерістер болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, режиссер Нұрлан Мамакеевтің авантюралық комедиясының түсірілімі Алматыда өтіп жатыр. Басты рөлдерді Динара Бақтыбаева және Дәстен Шәкіров орындайды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін