È

Талғад Жаныбеков «Феникс» фильмінің ісіне қатысты шығынды өтеуде

Талғад Жаныбеков «Феникс» фильмінің ісіне қатысты шығынды өтеуде

Жақында режиссер Талғад Жаныбеков «Қазақфильм» киностудиясына келтірген шығынның алғашқы жарнасын төледі. Өткен жолдары мемлекеттің «Қазақфильм» арқылы «Феникс» көркем фильмінің өндірісіне бөлінген қаржысынан Жаныбеков мырзаның 1 655 276 теңге жымқырғаны туралы хабарланған болатын. Киностудия басшылығының айтуынша, режиссер бар қарызынан әзірге 200 мың теңгесін ғана төлеген.

Естеріңізге сала кетсек, «Феникс» жобасының аясындағы сот ісі 2017 жылдың наурыз айында басталған еді. Кінәлілердің арасында фильмнің бас продюсерлері Тұңғышбай Жаманқұлов, Талғад Жаныбеков, атқарушы продюсер Наталья Юдина, түсірілім тобының директоры Марлан Әбішев, екінші режиссер Біржан Әбішев, «Қазақфильм» киностудиясының экономика және қаржы бойынша бұрынғы басқарушы директоры Гаухар Искакова және картинаның сценарий авторы әрі редакторы Гизат Султанов болған. Тергеу нәтижесі бойынша олардың барлығы фильм түсіруге бөлінген мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталды. Жемқорлықпен күрес комитеті барлық қаражатты «Қазақфильмге» қайтаруды талап етті.

Фото: Ольга Цыганкова

«Фениксті» түсіру идеясын Талғад Жаныбеков 2012 жылы ойлаған болатын. Сол кезде режиссер Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа жаңа фильмді қаржыландыру ұсынысымен барған еді. Жаманқұлов T.K TURAN UNIVERSAL BUSSINESS ЖШС ашып, «Феникс» фильмінің бас продюсері ретінде «Қазақфильмге» жүгініп, қолдау туралы уәдесін алған болатын. 2014 жылы картина өндірісінің жоспары бекітіліп, жобаны жүзеге асыру үшін 550 миллион теңге көлемінде бюджет бөлінген. Киностудия өз кезегінде, мемлекеттен фильмдер өндірісі үшін екі миллиард теңгеден астам қаржы алып, оның 79 миллион теңгесін кинотаспаның дайындық жұмыстарына бөлген. Алайда, T.K TURAN UNIVERSAL BUSSINESS ЖШС компаниясы картинаға берілген уақыт ішінде тиісті жұмысты атқара алмады, ал бұрын қол қойылған актілер мен қорытынды есептер экономика және қаржы ісі бойынша басқарушы директоры Гаухар Искакова тарапынан бұрмаланып жазылған. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, мемлекет бөлген қаражат жымқырылып, жоба авторлары тарапынан жұмсалған.

Өткен жолдары Талғад Жаныбеков «Феникс» көркем фильмінің өндірістік жұмыстарына тосқауыл қойды деп Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған еді. Алайда, кейінен барлығы керісінше болып, кино қайраткерінің өзі айыпты деп танылды.

 

Превью: Inform.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер