È

Тәуекел Мүсілім «Svadba.kz» романтикалық комедиясына түсіп жатыр

Тәуекел Мүсілім «Svadba.kz» романтикалық комедиясына түсіп жатыр

Тәуекел Мүсілім «Svadba.kz» фильмінде басты рөлге ие болды. Романтикалық комедия жанрындағы картинаның түсірілімі жақында Алматыда басталды.

Фильм сюжеті бойынша басты кейіпкер – бойдақ. Оның жақындары жігіттің тезірек қалыңдық тауып, дүбірлі үйлену тойын жасайтын күнін асыға күтіп жүреді.

Картинаға Тәуекелден басқа, Айым Сейтметова, Төлепберген Байсақалов түсуде. Сонымен қатар, түсірілімге Италия мен Африканың актерлары қатысады.

Картинаға кіші Валерий Задарновский режиссерлік етуде. Қоюшы үшін жоба кинодағы дебют болмақ. Әзірге, Валерийдің портфолиосында музыкалық бейнебаяндар түсірілімі мен «Іңкәр жүрек» хикаясының екінші маусымы бар. Фильм продюсері - Жан Мұқанов.

Отандық кинода жауыр болған үйлену тойы тақырыбына қарамастан, авторлар көрермендерді таң қалдыруды көздеп отыр. Олардың еңбегін биыл 13 желтоқсанда бағалауға болады.

Айта кету керек, Тәуекел Мүсілім үшін «Svadba.kz» бесінші толықметражды картина болмақ. Актердің фильмографиясында келесі таспалар бар: «Барлығы еркектердің кесірінен», «Ананы іздеу» және «Аға ма әлде неке ме», ал жақында актер «Аға ма әлде неке ме 2» комедиясына түскен болатын.

 

Превью: Wedding four seasons

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер