Тәуекел Мүсілім: «Всё из-за мужиков» комедиясында әзіл өте көп»
Халықаралық әйел күні мерекесі қарсаңында «Всё из-за мужиков» комедиясы прокатқа шықты. Виктор Бормотовтың дебюттық режиссерлық жұмысы әйелдер әлеміне тап болған үш достың оқиғасы. «Жұмаққа» түскен бақытты еркектің бірін Тәуекел Мүсілім ойнады, ол Brod.kz кинопорталына өзінің рөлі жіне түсірілім туралы әңгімелеп берді.
«Менің кейіпкерімнің есімі Арман. Ол нәзікжандылардың назарына өзіне аударғанды жақсы көретіндердің қатарынан. Ол ұзақ уақыт бойы екі қызбен қатар жүріп жүреді. Тіпті оның біріне үйленбек те болады, бірақ ол өзіне сенімсіз еді, тіпті қорқып та кеиеді. Осы кезде тағдыр оған өмірлің құндылығын түсінуге тағы бір мүмкіндік берді. Түсірілім күндері өте қызықты, көңілді өтті. «Всё из-за мужиков» фильміндегі әзіл ернеуінен асты деуге боады, кейбір көріністерді түсіргенде күлкімізді әрең тыйдық. Шынымды айтсам, бас кезінде маған өте қиын болды, өйткені бұл менің алғашқы комедиялық жобам. Осы орайда маған кеңес беріп, қолдау білдіргені үшін Данияр Алшиновқа алғысымды айтамын», - деді актер.

Тәуекелдің айтуынша сценарийді де ресейлік автор Вадим Комиссарук (сериал «Кухня») жазған, сондықтан мәтіндегі кейбір тұстарын өз менталитетімізге сай аздап өзгертуге де тура келді.
Комедияның түсірілім Астанада өтті, түсірілімге 1000-ға жуық нәзікжанды қатысты. Басты рөлдердегі қыздар актриса Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева, Әсел Ақбарова және Наталья Наумова.
«Всё из-за мужиков» фильмінің өзіңізге ыңғайлы көрсетілім уақытын кинротеатрлар афишасынан көре аласыздар.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін