È

«Ел Арна» телеарнасы хабар таратуға әзір

Телеканал «Ел Арна» готовится к запуску. Казахстанское кино

27 наурызда сағат 18:00-де «Ел Арна» телеарнасы хабар таратуды бастайды. Жаңа телевизиялық ресурсты іске қосқан «Хабар» агенттігі, жаңа телеарна отандық киноөнімдерді көрсететін болады.

«Ел Арна» телеарнасында күн сайын өз еліміхздің киношылары түсірген толықметражды көркем фильмдер мен деректі ленталар көрсетіледі. Телеарна басшыларының айтуынша, эфир уақытының 80% толық метр болмақ. Демалыс күндері эфирде бірнеше телесериал нон-стоп режимде көрсетіледі.

«Анаға апарар жол» фильмінен кадр

Алғаш болып эфирге Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы мен компазитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән-аға» сериалы шығады.

Болашақта арна басқа да жобалардың каталогын ұсынбақ. Мысалы, фестивальдық кинолар, тәуелсіз кинемотограф фильмдері және жас режиссерлердің қысқа метрлері де көрсетіліп қалуы мүмкін.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

27 наурыз 2017, 18:19

Интресно это спутниковый канал, или эфирный?

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер