È

«Хабар» телеарнасы «Қария» хикаясын дайындау үстінде

«Хабар» телеарнасы «Қария» хикаясын дайындау үстінде. Қазақстан киносы

Жақында «Хабар» телеарнасының эфирінен «Қария» хикаясы көрсетіледі. Картина қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің бірі – заманауи жастардың қарттарға деген қарым-қатынасын көрсетеді.

Фильмдегі басты оқиға алматылық қарттар үйінің бірінде өрбиді. Осында Әбілғазы ұлының қысым көрсетуі салдарынан көшіп келеді. Бірақ қартқа бұл жерде де тыныштық бермейді, үйдің басшысы Гүлсім ылғи тұрғындарға қысым көрсетеді. Шыдамдары таусылған қарттар бірігіп, өз құқықтарын қорғауға кіріседі. Өзара шайқастың барысында көрермендерге қарттар үйінің әр тұрғынының оқиғасы баяндалады.

«Хабар» телеарнасы директоры Сандуғаш Рахымжанованың пікірінше, әке мен бала арасындағы келіспеушіліктер, жас буынның қарттарға деген құрметінің жоғалуы көптен бері әлеуметтік мәселеге айнаған. Аталмыш жоба арқылы авторлар бұл құбылыстың дұрыс еместігін, біздің қоғамда бұл олқылыққа жол жоқ екендігін түсіндіргісі келеді.

Басты рөлді театр және кино актері Бауыржан Қаптағай сомдады. Сондай-ақ, түсірілімге Айқын Төлепбергенов, Алмас Сақатов, Мадина Оспан, Ақмарал Дайрабаева және т.б. атсалысты.

«Қария» атты 12 бөлімнен тұратын драманың режиссері - Асқат Мұсабай, ал қоюшы-операторы - Сәбит Семетаев.

Телефильмнің тұсаукесері биылғы күзде болады.

Фотосуреттерді «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметі ұсынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

15 мамыр 2017, 22:52

молодцы

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер