È

«Хабар» телеарнасы «Өгей жүрек» сериалын ұсынады

«Өгей жүрек» жақында «Хабар» арнасында

19 қыркүйекте «Хабар» телеарнасында «Өгей жүрек» сериалының тұсаукесері болады. Көпсериалы фильмнің өндірісімен Esentai production продюсерлік орталығы айналысты. Режиссеры Ернар Нұрғалиев («Махаббатым жүрегимде 2», «Зәуре»). Сценарий авторы - Қуаныш Тоханов.

«Өгей жүрек» Бибігүл есімді келіншектің тағдыры туралы, оған өмірде кездескен кедергілерден өтуге тура келеді. Күйеуінің сатқындығын басынан кешірген, баласынан айырылған Бибігүл ары қарай өмір сүруге күш жинап, өгей балалардың болмайтынын дәлелдейді.

Басты рөлдерде Кәмшат Жолдыбаева және Дәстен Шәкіров.

Сериалдың түсірілімі 2016 жылдың маусым және шілде айлары аралығында өтті. Көрерменге бірінші маусымда 12 серия ұсынылады.Әр эпизодтың ұзақтығы 40 минут.

Сериал жұмыс күндері сағат 19:40-та қазақ тілінде орыс тіліндегі субтитрлармен жүреді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер