È

«Қазақстан» телеарнасы «Қызыл алма» хикаясын көрсете бастады

«Қазақстан» телеарнасы «Қызыл алма» хикаясын көрсете бастады. Қазақстан киносы

«Қазақстан» телеарнасында «Қызыл алма» көпсериялы фильмінің көрсетілімі басталды. Жаңа отандық хикая отбасылық құндылықтар мен адамгершілік тақырыбын қозғайды.

«Қызыл алма» хикаясының басты кейіпкері – қолөнерші Рүстем. Оның туған ағасы қайтыс болады. Қазақтың «әмеңгерлік» салты бойынша, ол жесір қалған ағасының әйеліне үйленеді. Біраз уақыт өткен соң, кейіпкер отбасын асыраудың оңай еместігін түсінеді. Рүстем дарынды шебер болғанымен, оның мамандығы көп пайда әкеле қоймайды. Тағдырдың қиындығына қарамастан, отбасы мүшелері мойымай, туындаған мәселерді бірігіп шешуге тырысады. Телехикая кейіпкерлердің рухани күйзелісін, жақындары мен туыстарына деген сенімін көрсетеді.

Картинаға Сырым Қашқабаев, Махаббат Мадғұлова, Сәуле Жақсылық, Назерке Өмірова және т.б. түскен.

Хикая режиссері - Елдар Қапаров, қоюшы-операторы - Андрей Яковлев. Сонымен қатар, картина түсіруге екінші режиссер Ольга Шуппо мен оператордың көмекшісі Дильшат Иминов атсалысты.

Хикая 2016 жылдың күзінде Алматы қаласы мен Алматы облысының Ынтымақ ауылында түсірілді.

«Қызыл алма» хикаясы жұмыс күндері сағат 21:45-те «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер