«Spike» телеарнасы Қазақстанда көрсетіле бастады
Қазақстан экранына «Spike» телеарнасы жол тартты. Жаңа арна жақында ғана «Казтелерадио» компаниясымен серіктестікті бастаған ViacomInternationalMediaNetworks америкалық компаниясына тиесілі. Қазіргі таңда, телеарна OTAU TV желісі арқылы көрсетіле бастады. Жақын арада ID TV телеоператорын қолданушыларға да қолжетімді болмақ.
«Spike» шетелдік арнасында танымал телебағдарламалар, бүкіләлемдік танымал хикаялар мен фильмдер көрсетіледі. Мысалы, «Шерлок», «Ходячие мертвецы», «Мистер робот»,«Медичи», «Уровень» секілді хикаяларды тамашалауға болады. Сондай-ақ, арна арқылы Отандық көрерменге Қазақстанда бұрын-соңды көрсетілмеген бағдарламалар мен шетелдік телешоулар жол тартады.
Жаңа арнаның аудиториясы әр түрлі жастағы әйелдер мен ер азаматтарды қамтиды.
Компанияны ТМД мен Ресей мемлекеттерінде таныстыратын Viacom-ның бас директоры Елена Бальмонттың айтуынша, қазақстандық серіктестер бірігіп келісім жасауға қуана келіскен. Сонымен қатар, Қазақстан халқы енді осы арна арқылы эксклюзивті шығарылымдар мен сапалы бағдарламаларды тамашалайтын болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін