«16 қыз» романтикалық комедиясының телекөрсетілімі
9 шілдеде «Қазақстан» телеарнасында «16 қыз» отандық комедиясының көрсетілімі болады. Фильмнің қоюшы-режиссері - Қанағат Мұстафин. Көрсетілім сағат 13:55.-те басталады.
«16 қыз» фильмінің басты кейіпкері – бойдақ жігіт Бауыржан. Ұлының әлі үйленбей жүргеніне алаңдаған ата-анасы бұл істі өз қолдарына алады. Бірақ, Бауыржан махаббатпен ғана отбасын құрғысы келеді. Сондықтан, ол көп ойланбай, махаббатын іздеуге достарымен бірге шығады. Кейіпкерді әсерлі әрі шытырманға толы оқиғалар кұтіп тұрады.
«16 қыз» фильмінен көрініс
Картинаға Берік Айтжанов, Аша Матай, Әнуар Нұрпейісов, Дәурен Айдарқұлов және Әсел Қалиева түсті.
Қанағат Мұстафиннің айтуынша, фильм идеясы әйгілі «Дос Мұқасан» тобының «16 қыз» әнін тыңдаған соң туындаған. Аталған композиция комедияның саундтрегі болып таңдалды. Бірақ, оны танымал әнші Қайрат Нұртас орындады.
Айта кету керек, режиссер комедияның жалғасын түсіріп бітті. Жаңа картинаның атауы – «Ең сұлу қыз».







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін