«Районы» фильмінің телепремьерасы
Бүгін, 29 желтоқсанда, «КТК» телеарнасында Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі көрсетіледі. Картинаның тұсаукесері биылғы жылдың қарашасында болған еді. 2016 жылдың желтоқсанында лента отандық телекөрерменге ұсынылады.
«Районы» фильмі - ҚазССР кезіндегі криминалды сексенінші жылдарға саяхат. Басты кейіпкер - жоғары сыныптың оқушысы Арсен, ол аудан орталығынан қалаға көшіп келеді. Мұнда оны жаңа мектеп, жаңа достар күтіп тұр, «районның» өз ережелері бар. Арсен «пацана» деген мәртебеге тез-ақ ие болады. Бірақ уақыт өте келе ол бұл жүйенің өзінің өмірлік көзқарастарына қайшы екенін түсінеді. Кинолента тек алматылықтарға ғана емес, Кеңес одағының тұсында өмір сүрген жастарға да қызық болмақ.
Криминалдық оқиғаға қатысқан актерлер Елтерес Нұржанов, Санұржан Сүлейменов, Марйам Сатаева, Данияр Алшынов және Жеңіс Омаров. Сондай-ақ картинаға Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Шәріп Серік қатысты.
Аұан Сатаевтың айтуынша, ескі Алма-Атыны жасауға бір топ кеңесшілер атсалысқан. Фильмнің түсірілімі осы жылдың маусым айында басталып, бір айға созылған.
«Районы» фильмінің көрсетілімі 29 желтоқсанда 22.45-те «КТК» телеарнасының эфирінде.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін