«Аға ма әлде неке ме» комедиясының телетұсаукесері
2017 жылғы ең табысты фильм - «Аға ма әлде неке ме» комедиясы телекөрермендерге қарай асығуда. Киноның кинотеатрдағы көрсетіліміне бара алмаған көрермендер үшін картинаның эксклюзивті телекөрсетілімі болмақ. Отандық картинаны бүгін сағат 21:00-де «КТК» телеарнасынан бағалай аласыздар.
Көрермендерге ерекше құдалық хикаясы көрсетіледі. Махаббатқа мас болған Айдар Гаухарға ұсыныс жасайды. Алайда, жігіт қалаған «иә» сөзін бірден ести қоймайды. Айдар ең алдымен Гаухардың бес ағасының көңілін табуы тиіс, ал қыздың ағалары қарындасының таңдауын құптай қоймайды.
«Аға ма әлде неке ме» фильмінен көрініс
Таспа кейіпкерлерін Әбунасыр Серіков, Мұрат Бисенбин, Тәуекел Мүсілім, Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин және Бауыржан Қаптағай сомдады.
Еске сала кетсек, «Аға ма әлде неке ме» картинасы әлі де айналымда жүріп жатыр. Фильмнің 11 апталық кассалық жинағы 450 миллион теңгеден асады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін