È

Мерекелік демалыстарға арналған телебағдарлама: 1-3 қыркүйек аралығы

Мерекелік демалыстарға арналған телебағдарлама: 1-3 қыркүйек аралығы

1 қыркүйек күні Қазақстан мұсылман мерекесі - Құрбан айтты тойлайды, ал Білім күні сенбіге ауыстырылды. Осыған байланысты телеарналар көрермендерге ерекше бағдарлама дайындап қойды. Отандастарымыз тарихи кинотаспалар мен отбасылық көрсетілімге арналған жеңіл комедияларды тамашалай алады. «Бродвей» кинопорталы 1-3 қыркүйек аралығында эфирге шығатын қызықты картиналар топтамасын жасады.

«Хабар» телеарнасы бір-біріне мүлдем ұқсамайтын картиналарды: «Құнанбай» тарихи драмасы мен «Кемпір» комедиясын көрсетеді.

1 қыркүйек күні ойшыл әрі ақын Абай Құнанбаевтың әкесі туралы баяндайтын «Құнанбай» фильмі көрсетіледі. Құнанбай болыс билеушісі болған және туған-туыстардың арасындағы дауларды шешетін. Фильм режиссері - Досхан Жолжақсынов. Кинотаспа жергілікті уақыт бойынша сағат 21:35-те көрсетіледі.

2 қыркүйек күні сағат 15:30-да телеарна «Кемпір» комедиялық таспасын көрсетеді. Сюжет бойынша шалғайдағы бір ауылда тамаша Күлпашқа үйленген ер азамат өмір сүреді. Бірақ, кейіпкердің танысы, зұлым Сәскебай Күлпашты жақсы көреді, онымен бірге болуды армандайды. Қу еркек әйелдің жүрегін жаулап алу үшін жоспар құрады.

«Құнанбай» фильмінен көрініс

1 қыркүйекте сағат 10:00-де «Жетінгші арнадан» продюсер Арман Дүйсеновтың «Питерден келген оралман» комедиясы тарту етіледі. Картина Санкт-Петербургтен өз отанына оралған жігіт туралы баяндайды. Кейіпкер түрлі оқыс жағдайлардан кейін музыкалық байқауға қатысуға мәжбүр болады. Сол үшін «Jingle» тобын құрады.

«Қазақстан» телеарнасы да қызықты кинотаспаларды дайындап қойды.

Қыркүйектің 2-жұлдызында сағат 11:50-де Қазақстан киносының классигіне айналған «Алты жасар Алпамыс» балалар фильмі көрсетіледі. Картинада Қалихан мен Алпамыс есімді екі бала туралы баяндалады. Қалихан мектепке барғысы келмей, түрлі қитұрқы әрекеттер жасайды, ал Алпамыс керісінше, мектепке баруды армандап жүреді, тіпті кейде терезеден сығалап, сабақтың қалай өткенін бақылап отырады. Ол осылайша жазу мен оқуды үйреніп алады.

«Питерден келген оралман» фильмінен көрініс

2-3 қыркүйек күндері арна эфирінен «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» көпсериялы драмасын тамашалауға болады. Фильмде Жәнібек пен Керей сұлтандарының Әбілқайыр хандығынан көшіп кеткені туралы баяндалады. Шу мен Талас өзендерінің бойына орналасқан екеуі қазіргі күнге дейін өмір сұріп келе жатқан жаңа мемлекет пен этнос құрады. Көрсетілім 2 қыркүйек күні сағат 13:05-те, ал 3 қыркүйекте сағат 15:10-да болады.

3 қыркүйек күні сағат 21:00-де «НТК» арнасы «Сұмдық бойжеткен» атты америкалық көңілді комедиясымен қуантады. Фильмдегі басты рөлдерді Бен Стиллер мен Малин Акимар сомдады. Картина жолы болмайтын жігіт туралы, оның бұрынғы ғашықтарының барлығы тұрмысқа сәтті шығып кеткен. Кейіпкер барлығынан шаршап, бір ай ғана кездескен Ләйла есімді қызға үйленеді. Бірақ, жастар бал айына кеткенде, қызықтың көкесі сонда басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса