«Тынық мұхиты шекарасы 2»: жаңа дубляждалған трейлерде аңшылардың аңшылар ізіне түсуі көрсетілген
Universal «Тынық мұхиты шекарасы 2» сиквелінің наурыздағы көрсетілімінің алдында соңғы трейлерін ұсынды. Жер шарын жаппай қырып-жоюшы өзге ғаламшарлықтар мен оларды жеңу үшін құрылған суперкөліктерді басқарушылар арасында қақтығыстар туындады. Бірақ бұл «Тынық мұхиты шекарасы 2» трейлерінің кезекті қақтығыстар көрсетілген кіріспесі мен байланыстырушы бөлімі ғана.
Джон Бойега («Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар», «Детройт») кезінде аңшылар тобының ұшқышы болған бүлікші Джейк Пентекостың рөлін сомдайды. Оның аты аңызға айналған әкесі сарбаздарымен бірге Кайдзидің жолына қарсы тұрып, бүкіл адамзатты құтқарған. Джейк оқуын тастап, қылмыс әлеміне тап болады. Бірақ, өзге ғаламшарлықтар адамзат қаласына қарсы шығып, әлемді жаулап алуға аз қалғанда, ол әкесінің атына лайық екенін дәлелдеп, соңғы мүмкіндікпен оларға қарсы тұрады.
Джейк Пентекост өзінің әпкесі Мако Моримен (Ринко Кикути, «Вавилон») бірге соғысқа ұшқыштардың батыл тобын шығарады. Олар әкесі шайқасқан соғыстан кейін әлдеқайда өсті және өзге ғаламшарлықтармен соғыста әділдікті орнатуға дайын. Олардың жалғыз үміті – бүкіл адамзатты жоятын өзге ғаламшарлықтарға қарсы жаһандық көтеріліс үшін бірігіп, үлкен роботтар әскерінің көзін құрту.
«Тынық мұхиты шекарасы 2» Қазақстандағы айналымға 22 наурыз күні шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін