È

«Тілек тіле» комедиясының тизері

«Тілек тіле» комедиясының тизері

 

Желіде «Тілек тіле» отандық фильмінің бір минуттық тизері пайда болды. Экшн-комедиядағы басты рөлдерді Индира Еділбаева, Асылбек Мұсабеков, Айым Сейтметова, Кентал және Бауыржан Сатов сомдады.

«Тілек тіле» фильмі – әнші Бүркіттің (Айбек Жансейітов) екінші режиссерлік жобасы. Картинадағы оқиға қарапайым бойжеткеннің айналасында өрбиді. Оның жалғыз арманы – бақытты әрі жарқын өмір. Кенеттен, аспаннан бір періште түсіп, оның кез-келген қалауын орындауға дайын болады. Сол сәттен бастап кейіпкердің көңілді әрі таңғажайып хикаялары басталады.

Сценарийін Әуез Әуезов жазған, ол «Келін де адам баласы» және «Қазақша кәсіп Америкада» фильмдерінің қосалқы авторы болып табылады.

«Тілек тіле» комедиялық таспасы осы жазда Алматы мен Дубайда түсірілген. Авторлар эпизодтарға Нұрлан Қоянбаевты, Баян Алагөзованы, Серік Ибрагимовты және Төлепберген Байсақаловты түсірді.

Фильм кинотеатрлардан 2018 жылдың 29 қарашасында көрсетіледі.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер