È

«Арман» хикаясының тизері

«Арман» хикаясының тизері

 

Musan entertainment «Арман» хикаясының тизерін жарыққа шығарды. жоба режиссері - Санжар Омаров.

Жобаға Тимур Балымбетов пен Игорь Воробьев продюсерлік етті. Камераға Қаршыға Оспанов жауап берді.

Арман есімді жас жігіт әртіс болам деген арманын қуып, Алматыға келеді. Жұлдыздарға апаратын жол қиын. Басты кейіпкер қалауына қол жеткізуүшін көптеген сынақтардан өтеді.

Басты ер адам рөлі Санұржан Сүлейменовке бұйырды. Экрандағы әйел образын актриса Аяна Құсайынова сомдады.

«Топтың жас болғанына қарамастан, кәсібилік сезіледі. Санжар Омаровпен бірге жұмыс істеу жағымды әсер қалдырды. Ол ешқашан айқайламайтын, кейіпкерімнің мақсатын тыңғылықты түсіндіре білді. Біздің хикаямыз басқаларға ұқсамайды, бұл жаңа дүние», - деп бөлісті Аяна Құсайынова Musan entertainment-тің Инстаграм парақшасында.

Көрермендер көпбөлімді фильмнен Ғалымжан Молданазарды, Ringo тобын, Фарема Қазақпаеваны, Тимур Балымбетовты және продюсер рөлін сомдайтын Еркен Губашевті көре алады.

«Мен бұл жақта өз-өзімді ойнаймын. Көңілді, қарапайым Медина. Бар болмысым осындай», - деді Jayrun тобының солисті Медина Жалғасова.

«Арман» хикаясы 19 күннің ішінде Алматыда түсірілді.

Еске салсақ, бұрын жоба «Шоу-біз» деп аталған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Чинури ооо

12 января 2019, 22:23

Очень понравился! Жду продолжения! Песни просто супер!

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер