È

Толғанай Талғат: «Berlinale talents менің күткенімнен де асып түсті»

Толғанай Талғат: «Berlinale talents менің күткенімнен де асып түсті»

Театр және кино актрисасы Толғанай Талғат («Обыкновенный человек», «Так себе зима») Берлин кинофестивалі аясында өткен «Berlinale talents» білім алаңында Қазақстанды таныстырды. Апта бойы отандасымыз әлемдік киноөндірістегі арнайы мамандардың шеберлік сыныбына қатысты.

«Berlinale talents менің күткенімнен де асып түсті. Кино саласындағы білікті мамандар мен керемет кісілердің арасында өткізген апта жақсы өтті. Бағдарлама барысында қатысушылар танымал режиссерлармен, актерлармен, продюсерлермен және кастинг-директорлармен кездесті. Бұл кездесулерде өз ісінің мамандары тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті. Мен үшін Пол Верховенмен, Изабель Кушетпен және Мегги Джелинхолмен таныстығым маңызды рөл атқарды. Ал ең басты жаңалық - актерлық студияда «Александр әдістері» шеберлік сыныбын танымал коуч Жан Луи Радригенің өткізуі болды. Осы әдістердің арқасында көптеген актерлар «Оскар» жүлдесіне және т.б. марапаттарға ие болғанын көп адам біле бермейді. Шетелдік киномамандармен кездесулер мен әңгімелесулер жоғары деңгейде өтті. Мен солардың біреуімен қызметтес болып, болашақ жобаларға жоспар құрып жатырмын. Режиссер Ольга Коротькоға маған берген көмегі және қолдауы үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді»,-дейді Толғанай Талғат.

Еске сала кетсек, Berlinale talents – Берлинале аясында өткізілетін актерларға, продюсерлерге, киносыншыларға үміт сыйлайтын жыл сайынғы алаңқай. Биылғы жылы қатысуға әлемнің 127 елінен 2000-нан астам өтініштер келіп түскен. Алайда, іріктеу комиссиясы 270 өтініштерді қабылдады, оның 15-і актерлар, соның ішінде Толғанай да бар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер