Торонто-2018: бағдарламада «Жұлдыз дүниеге келді», «Жесірлер» және «Айдағы адам» аталды
«Жұлдыз дүниеге келді», «Жесірлер» және «Айдағы адам» биылғы жүлдеге үміткерлердің басты тізімінде тұр. Бұл таспалар 6-16 қыркүйек аралығында өтетін Торонто Халықаралық кинофестивалінде таныстырылады.
Белді кинофорумда көрсетілетін басқа да фильмдердің арасында басты рөлді Тимоти Шаламе мен Стив Карелл сомдаған есірткі туралы «Әдемі бала» драмасы, сенатор Гэри Харт рөлін Хью Джекман сомдайтын «Басты үміткер» фильмі және ардагер Роберт Редфорд қатысатын «Қарулы қарт» қылмыстық триллері бар.
Фильмдер тізімі соңғы әрі нақты емес, өйткені фестиваль кураторлары шақырылғандардың тізімін әлі де кеңейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда олар көрген фильмдер саны рекордқа жетті. Іріктеу комиссиясы халыққа көрсетудің алдында 7000 картинаны тамашалап үлгерді!
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін