È

«Аға ма, әлде неке ме 2» фильмінің трейлері

«Аға ма, әлде неке ме 2» фильмінің трейлері

 

2019 жылдың 7 ақпанынан бастап ауқымды экранға режиссер Әлішер Утевтің «Аға ма, әлде неке ме» комедиясының сиквелі шығады. Бірінші бөлімдегідей, бас продюсері әрі басты рөлдердің бірін сомдаушы Құралай Анарбекова болды. Желіге трейлері шықты.

Айдардың, Гаухар мен ағаларының хикаясы жалғасын тапты. Бұл жолы Гаухар барлығын жүктілігімен қуантады, бірақ оның біртүрлі қылықтары Айдарға ұнай қоймайды. Күйзеліске түскен болашақ әке психологиялық ауруға ұшырайды, Айдарда да жүктілік белгілері пайда болады.

Көрермендер экраннан қайтадан Дәурен Серғазинді, Әбунасыр Серіковты, Мұрат Бисенбинді, Бауыржан Қаптағай мен Тәуекел Мүсілімді көре алады.

Актерлік құрамға Азамат Ұланов пен Данияр Жұмаділов қосылды.

«Біз бұрынғы тәжірибемізді ескеріп, жаңа шешімдерді байқап көрдік. Жаңа кейіпкерлер, Әйгерімовтардың жүктілігі (шынайы және жалған), футбол, Марсель, КТА жоғары одағының кинодағы дебюті, Әлішер Утевтің режиссерлік дебюті. Осындай қосынды пайда болды! Соңғы сөз өзіңде, құрметті көрермен», - деп жазды Құралай Анарбекова Инстаграм парақшасына.

Қоюшы-операторы Шерхан Таңсықбаев болып қалды.

Еске салсақ, бірінші бөлімнің режиссері Ернар Нұрғалиев болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер