È

Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмінің трейлері

Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмінің трейлері

Желіде «Қазақфильм» киностудиясының аясында түсірілген «Шыңырау» тарихи драмасының трейлері пайда болды. Картинаның режиссері әрі сценарий авторы - Жаңабек Жетіруов.

«Шыңырау» - Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің негізінде түсірілген көркем фильм. Кинотаспаның бас кейіпкерлері – Еңсеп және оның ұлы Жомарт. Еңсеп құдық қазумен күнелтеді және күндердің күнінде жердің астында жасырылған теңізді табатынына сенеді. Алайда, Жомарт әкесінің мақсатына жетуі үшін жәрдемдеспейді, есесіне ол қарақалпақ көпесінің қызына үйленуді көздейді. Екі ұрпақтың көзқарасындағы қайшылықтар шарасыздыққа әкеледі.

Еңсеп қартты кинода бір емес, ондаған рөлдерді сомдаған Алдабек Шалбаев ойнайды. Бұған дейін көрермендер актерді «Жұлдыздар осылай қалыптасты», «Наурыз.kz» және «Мен – күйеу жігітпін!» фильмдерінен көрген болатын.

Жомарттың рөлін Асылхан Төлепов, ал оның ғашығын Айжан Жетіру сомдайды.

Картина айналымға жақын арада шығады.

«Шыңырау» фильмінің ресми постерін осы жерден көре аласыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер