È

«100 минут махаббат жайында» отандық мелодрамасының трейлері

«100 минут махаббат жайында» отандық мелодрамасының трейлері

23 қараша күні отандық айналымға режиссер Альмири Қарпықовтың «100 минут махаббат жайында» мелодрамасы шығады (кинорежиссер, сценарий жазушы әрі продюсер Абай Қарпықовтың ұлы – ред.). Дәстүр бойынша фильмнің шығуы алдында көрермендерге ресми трейлері ұсынылды.

«100 минут махаббат жайында» кинотаспасы Мика туралы баяндайды. Бойжеткен Америкада экономист мамандығын бітіріп, Алматыға оралады. Ол өмірін сахна және музыкамен байланыстыруды армандайды. Бірақ, Мика ата-анасының қалауымен банкке қызметке орналасады да, сол жерде Әнуармен танысады. Екеуінің арасында тәтті сезім пайда болады. Бірақ, бұл оқиғаның соңы әдеттегідей аяқтала салмайды, Әнуардың жақында тойы болуы тиіс. Оның қалыңдығы – банк президентінің қызы. Ең соңы немен аяқталатынын, махаббат пен ақшаның: екеуінің қайсысының жеңіске жететінін жақын арада білетін боламыз.

«100 минут махаббат жайында» фильмінен көрініс

Басты кейіпкер Миканы Елдана Қансейітова, оның ғашығы Әнуарды Альмири Қарпықов сомдады. Банк президентінің қызы, қалыңдықтың рөлін Айсұлу Әзімбаева ойнаған. Сонымен қатар, картинаға Әзиз Бейшеналиев, Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Лидия Кәденова және Мұқағали Мырзамбетов түсті.

Фильм түсірілімі 2016 жылдың күзінде болған. Мелодрама Алматыда «Мика» уақытша атауымен түсірілген. Режиссердің айтуы бойынша, көрермендерді Алматы туралы жеңіл, кекесінді әрі музыкалық оқиға күтіп тұр.

«100 минут махаббат жайында» фильмі үшін арнайы 4 музыкалық шығарма жазылған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер