È

«Сиситай» отандық мюзиклінің трейлері

«Сиситай» отандық мюзиклінің трейлері

Shine production продюсерлік орталығы «Сиситай» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды. Кинотаспа продюсер Баян Алагөзова және әнші Кәмшат Жолдыбаеваның қатысуымен мюзикл жанрында түсірілген.

Мюзиклдегі оқиға осы күндерде болған. Фильм кейіпкерлері – шығармашылық тоқырауға ұшыраған продюсер Алиса Мақсұтқызы және әнші болуды армандайтын бойжеткен Сиситай. Олардың кездесуі біреуіне шоу-бизнеске оралуға мүмкіндік берсе, екіншісіне нағыз жұлдыз болу бақытын сыйлайды. Алайда, екеуінің бірге жұмыс істеуі армандарды ғана орындап қоймайды.

Картина режиссері Ернар Нұрғалиев экраннан әдеттегі Күлбикенің хикаясы емес, өзгеше оқиғаның көрсетілетінін айта кетті. Басты кейіпкер – аңқау емес, нағыз сотқар қыз.

Сиситайдың рөлін киноға алғаш қадам басқан Әйгерім Мергенбай сомдады.

«Сиситай» музыкалық фильмінің тұсауы 8 наурызда кесіледі.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер