«Махаббатпен» отандық комедиясының трейлері
2018 жылдың 28 қаңтарында «Махаббатпен» комедиясы экранға шығады. Кинотаспа режиссер Александр Гольцевтің («Гейзер» хикаясы) алғашқы толықметражды жобасы болды. Картина Фархат Әбдірайымов үшін де дебютті: актер алғаш рет бас продюсер болып отыр.
«Махаббатпен» комедиясындағы оқиға осы күні Алматыда болады. Фильм кейіпкері – нағыз махаббатын жолықтырған қарапайым жігіт. Жігіт махаббатының жүрегін жаулау үшін барлық әрекетке барады.
Басты кейіпкерлерді жас актерлар Әлішер Тултаев пен Мария Королёва сомдады. Сондай-ақ, картинаға Фархат Әбдірайымов, Гүлнар Сильбаева, Жандос Айбасов, Максим Акбаров, Ілияс Шуашбаев, Сергей Никоненко, Ерболат Тоғызақов және Виталий Давыдов түсті.
«Махаббатпен» фильмінен көрініс
Комедиялық таспамен қоюшы-оператор Асқар Өтеулин, қоюшы-суретші Андрей Чевгун айналысты. Сценарий авторы - Александр Гольцев.
Фильм New Level Production компаниясымен өндірілді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін