È

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» Лондон киносыншылар қоғамдастығы жүлдесінің саны бойынша оқ бойы озық болып тұр

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» Лондон киносыншылар қоғамдастығы жүлдесінің саны бойынша оқ бойы озық болып тұр

Сөзсіз, «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» - соңғы уақытта қызу пікірталас тудырған фильм. Биылғы «Оскар» жүлдесіне үміткерлердің бірі Мартин МакДонаның жобасы Лондон киносыншылар қоғамдастығының үш жүлдесіне ие болды. Қылмыстық драма «Жыл фильмі» атанды, ал басты рөлді сомдаған Фрэнсис МакДорманд жыл актрисасы болды, Мартин МакДона үздік сценарий үшін жыл сценаристі атанған.

Шон Бэйкер «Флорида» жобасы» үшін «Жыл режиссері» номинациясын иеленді. Бұл картина өткен аптада «Оскар» үміткерлерінің қатарынан шеттелген еді. «Мені өз есімімен аташы» фильмінде басты рөлді сомдаған Тимоти Шаламені Лондон сыншылары жыл актері деп таныды, осылайша оның «Оскарға» қадамын бір табан жақындатты. «Дюнкерк» жылдың үздік британдық фильмі атанды.

Лондон сыншылары сүйікті жерлестерін Хью Грант (екінші қатардағы үздік актер, «Паддингтон 2») және Лесли Мэнвилл (екінші қатардағы үздік актриса, «Елесті жіп») де назардан тыс қалдырмады. Айналымға байланысты кешігіп шыққан Пол Верховеннің «Она» триллері «Шет тіліндегі үздік фильм» жүлдесін иеленді. «Жыл жаңалығы» аталымын британдықтар Френсис Лидің «Құдайдың жері» драмасына берді, аталмыш картина былтырғы жылы Берлин кинофестивалінде жүлделердің біріне ие болған еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер