È

Психикалық ауытқушылық туралы фильм

«Трудно быть Ван Гогом»

Қарағандылық режиссер Андрей Попов «Трудно быть Ван Гогом» психологиялық триллерінің түсірілімін аяқтады. Сценарияйи авторы және продюсері режиссердің өзі.

Картина психиатриялық емдеу мекемесінде оянған ер адам жайлы. Оның дәрігерінің түсіндіруінше, науқастың санасында төрт тұлға өмір сүреді. Ең қорқыныштысы, кейіпкерді өзіне беймәлім қылмыс істегені үшін айыптайды.

«Фильмнің идеясы ресейлік бір студияға монолог жазып көру кезінде келді. Идея фильма родилась во время пробной записи мнолога для одной российской студии. Жазу кезінде мен бір адама тән эмоцилардың күресін сомдадым. Жазылған метриалды көргеннен кейін идеяны өзгелерге беруге қимай қалдық. Сондықтан өзіміз толыққанды фильм түсіруді ұйғадық», -дейді Андрей Попов.

Режиссер Андрей Попов

Автор лентада түсініксіз жайттардың, аздап ессіздіктің бар екенін ескертеді. Сондықтан бір көрген адамға фильмді түсіну қиынға соғады.

Фильм Қарағандыда, Жезқазғанда бір жарым жылдай түсірілді.Негізгі оқиға, әрекеттердің бәрі ғимараттың ішінде болады

«Бізде түсірілім тобында да, актерлер құрамында да кино саласының кәсіби маманы жоқ.Көпшілігі бірінші рет киноға түскендер. Негізінен фильмге Жезқазған театрының актерлері қатысты», - деді режиссер.

Қазір картинаның монтаждалып жатыр. Негізгі нұсқасы күзде дайын болады, ал лентаның ары қарайғы тағдыры белгісіз. «Трудно быть Ван Гогом» кинофестивальдарға қатысуы әбден мүмкін.

Айгерим Каскыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер