«Бізде еліктеуіштік басым, идея аз»
Кинорежиссер Ермек Тұрсынов kitap.kz сайтына берген сұқбатында отандық киноның қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, кино түсіру ермекке, көңіл көтеретін ойыншыққа айналды.
«Шындығында жақсы кино көрерменге қуаныш сыйлайды. Біздің ленталарымызды көріп отырып, өкінішке орай көңілің көтерілмейді. Өйткені олардың деңгейі төмендеп кетті. Бізде еліктеуіштік басым, идея аз. Біз аудиторияны күлдіргіміз келеді, алайда әзіліміз мағынасыз. Әрбір әзілдің астарында идея, ой жату керек емес пе. Яғни, соңғы уақытта түсіріліп жатқан фильмдерді кино деуге келмейді. Баян Есентаева, Нұртас Адамбай түсіріп жүрген фильмдерді кино деп атай алмаймыз. Жоқ, әрине түсіре берсін. Бірақ олар кино емес, басқа бір дүние шығарып жүргенін ашық айтуымыз керек. Олардың негізгі мақсаты - кассалық табыс. Ал нағыз шығармашылық адамы табыс үшін жұмыс істемейді. Мұхтар Әуезов «Абай жолын» ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов ақшаның құнын білді, бірақ пайда үшін еңбектенген жоқ. Өкінішке орай, қазіргі таңда бірінші орында ақша, пайда табу. Сондықтан болар қазіргі кино кино емес, қандай да бір бизнес жоба. Жалпы кино деген ұғымның өзі өзгеріп кетті», - деді Тұрсынов.

«Шал» фильмінің түсірілімі
Режиссердің айтуынша, картинаны түсіруге кіріскенде дайындықтан бастап бар жан-тәніңмен беріліп істеу керек.
«Бас кезінде әрине, бойыңды қорқыныш билейді. Ылғи да солай. Нәтижесінде ауыра бастайсың. Мен әр фильмнен кейін 3-4 ай ауырамын», - дейді режиссер.
Тақырып бойынша:
Ермек Тұрсыновтың авторлық кеші







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін