È

Актер Құман Тастанбеков қайтыс болды

Актер Құман Тастанбеков қайтыс болды

«Қыз-Жібек» фильмінде Төлегенді сомдаған театр және кино актері Құман Тастанбеков 72 жасында дүниеден озды.

Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы 1945 жылы Талдықорған облысында шаруалар отбасында дүниеге келген. Құман бала күнінде ән айтумен әуестенген, тіпті аудандық байқаудың лауреаты атанған. Дегенмен, оның болашағына «Бұл Пеньковта болған іс еді» фильмі ерекше әсер етеді. Аталмыш картинаны көрген соң, 12 жасар Құман актер болуды ұйғарады. Анасының үгіттеуіне қарамастан, 20 жасында Алматыға келіп, Құрманғазы атындағы Өнер институтының театралды факультетіне оқуға түседі.

«Қыз-Жібек» фильмінен көрініс

Актерға танымалдылық аяқ астынан келеді: үшінші курс оқып жүргенде Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз-Жібек» фильміндегі Төлеген рөліне бекітіледі. Таспа оған танымалдылық қана берген жоқ, өмірлік махаббатын да сыйлады. Фильм тұсаукесерінен кейін 1970 жылы Құман Жібекті сомдаған Меруерт Өтекешеваға үйленеді. Бұл жұп қазіргі таңда махаббат символы болып есептеледі.

«Қыз-Жібектен» кейін Құман Нұрмағанұлы ондаған картиналарға түсіп, Мұхтар Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көптеген рөлдерді сомдаған. 1993 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағы берілді. Ал 2007 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:48

Печально, зато мы знаем благодаря этим людям, что у нас есть история любви и человек который передал эту историю в многовековой традиции.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер