È

2018 жылы «Сұмырай» фильмінің түсірілімі басталады

2018 жылы «Сұмырай» фильмінің түсірілімі басталады

2018 жылы «Салқын жел» шығармашылық бірлестігі жапон жауынгеріне ғашық болған қазақ қызы туралы фильм түсіреді. «Сұмырай» картинасының продюсері әрі қоюшы-режиссері - Арман Қарабаев.

«Сұмырай» кинотаспасы – қазақ қызы мен жопон жауынгері арасындағы махаббат хикаясы. 1945 жылы жапон әскері капитуляция туралы актқа қол қояды, содан кейін 60 мың әскер ықтиярсыз Қазақстанға көшіріледі. Бірнеше жапондықтар кішігірім ауылға тұрақтайды. Жергілікті тұрғындар қонақтарды аса жақтыра қоймайды, әсіресе күйеуі соғыста қаза болған жас қазақ қызына бұл жағдай ұнамайды. Бірақ, бір күні әйел жаңадан келгендердің біреуіне ғашық болып қалады.

Қазіргі таңда актерлар кастингі өтіп жатыр. Басты әйел рөліне үміткер Қазақстаннан іздестірілуде. Ал жапонның рөліне режиссер шетелдік актерді шақыруды жоспарлап отыр.

«№1 арман - Такеши Китаноны шақыру. Ол экранда эпизодтық көрініске түссе де, мен үшін зор қуаныш. Әрине, актерларды осы жақтан да іздейміз. Бізде жапондықтарға ұқсайтын қазақтар көп. Бірақ, алдымен басты актрисаны анықтап алайық. Соған қарай келесі кейіпкерді де таңдаймыз», - деді Арман Қарабаев.

«Салқын жел» шығармашылық бірлестігі мәдени және интеллектуалды ортақ құндылықтары бар адамдарды біріктіретін жаңа платформа. Бірлестік құрамында композитор, музыкант Артур Оренбургский, продюсер Зәуре Қарабаева, қоюшы-суретші Бөпеш Жандаев және журналист Светлана Коковинец бар.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:34

Отлично

Таныс бейне

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер